USD
USD
USD

Ауғанстанда жер сілкінісінен 20 адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігінде магнитудасы 6,3 балл болатын жер сілкінісінен кемінде 20 адам қаза тапты.

жер сілкінісі
Фото: aa.com.tr

Астана, NEGE. Жергілікті билік өкілдері жүздеген адамның жараланғанын, қаза болғандар санының артуы мүмкін екенін хабарлады.

Жер сілкінісі дүйсенбіге қараған түні болды. Оның ошағы Ауғанстандағы ең ірі қалалардың бірі Мазари-Шарифтің жанында орналасқан.

АҚШ Геологиялық зерттеу институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 28 шақырым тереңдікте болған.

«Талибан» үкіметінің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Шарафат Заман Амардың айтуынша, зілзала салдарынан жиырмадан астам адам қаза тауып, 320-дан астам адам жарақат алды.

«Талибтердің» Балх провинциясындағы баспасөз өкілі Хажи Заид Шолгара ауданында «көп адам жарақат алғанын» X әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды. Оның айтуынша, провинцияның барлық дерлік аймағынан жеңіл жарақат алғандар және тұрғын үйлердің зақымдануы туралы хабарлар келіп түсуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг