СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

Сыртқы істер министрлігі адвокат Мейірман Шекеевтің бүгін Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 азамат Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізілетіні туралы ақпаратты растаған жоқ.

СІМ

Астана, NEGE. Ведомствоның ресми өкілі қақтығыс аймағындағы Қазақстан азаматтарының өтініштері бойынша ресейлік тараппен түрлі деңгейдегі жұмыстар әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді. 

«Әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялаған азаматтарға көмектесу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Оларды елге қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ СІМ өкілдері жедел желіге келіп түсетін әр өтініштегі ақпарат мұқият тексерілетінін, тексеру аяқталғаннан кейін қалыптастырылған тізім ресейлік тарапқа жолданатынын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде соғыс жүріп жатқан аймақтарда жүрген қазақстандықтарың елге оралуға көмек сұраған өтініштері тараған еді. Олардың арасында 2006 жылғы азамат Айнабек Келдібек пен Алмаз Қайсар бар. Айнабек Келдібектің жақындарының айтуынша, ол Ресейге жұмыс істеу үшін барған. Ал Алмаз Қайсар әскери полигонда жүргенін және Украинадағы соғысқа жіберілуіне бірнеше күн қалғанын айтқан.

Қақтығыс аймағындағы қазақстандықтардың мәселесімен айналысып жүрген адвокат Мейірман Шекеев бүгін алғашқы 14 бала Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жеткізілетінін хабарлаған болатын.