USD
USD
USD

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Бүгін Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 азамат Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізіледі. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев Instagram парақшасында мәлімдеді.

Мейірман Шекеев
Фото: Мейірман Шекеевтің Instagram парақшасынан

Астана, NEGE. Адвокаттың айтуынша, қазақстандықтардың мәселесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауына алынған.

«Өтінішіміз бойынша Ресейдегі балалардың мәселесі тікелей Қазақстан Президентінің бақылауына өтті. Бүгін алғашқы 14 бала Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жеткізіледі», – деді Мейірман Шекеев.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде соғыс жүріп жатқан аймақтарда жүрген қазақстандықтарың елге оралуға көмек сұраған өтініштері тараған еді. 

Олардың арасында 2006 жылғы азамат Айнабек Келдібек пен Алмаз Қайсар бар. Айнабек Келдібектің жақындарының айтуынша, ол Ресейге жұмыс істеу үшін барған. Ал Алмаз Қайсар әскери полигонда жүргенін және Украинадағы соғысқа жіберілуіне бірнеше күн қалғанын айтқан.

СІМ не дейді?

Сыртқы істер министрлігі бұған дейін соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтағы азаматтардың туыстарынан өтініштер түскенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, ведомство қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр. 

Министрліктің хабарлауынша, жағдай тұрақты бақылауда.

Қазақстан азаматтары мен олардың туыстары қажет болған жағдайда СІМ-нің Консулдық қызмет департаментіне және Ресейдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне хабарласа алады.

 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар