СІМ АҚШ-та ұсталған қазақ жігітіне қатысты мән-жайды анықтап жатыр
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың көші-қон қызметі террозимге күдікті тұлға ретінде ұстаған Еламан Балтагерейге қатысты пікір білдірді.
Астана, NEGE. Ведомство өкілдері Еламан Балтагерейдің жағдайынан хабардар екенін жеткізді.
«Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қосымша ақпарат ресми деректер түскеннен кейін берілетін болады», – делінген СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталғанын хабарлады. ICE хабарламасына қарағанда, ол терроризмге қатысы болуы мүмкін тұлға ретінде ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша қамауда отыр.
Сондай-ақ былтыр жазда иммиграциялық судья Еламан Балтагерейді елден шығару туралы шешім шығарғаны, алайда оның сот отырысына қатыспағаны мәлім болды.