СҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей қаза тапты

  "Чистополье–Шөптікөл" тас жолында қайғылы жол апаты болды.

СҚО ПД

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облыстық ПД мәліметінше, Chevrolet Cobalt пен Toyota Camry көліктері соқтығысып, екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды.

Қаза болғандар – учаскелік инспекторлар. Олар қызметтік міндетін атқарып жүрген.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, апаттың себептерін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмдардың отбасына көңіл айтып, туыстарына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті