СҚО-да қайталап қылмыс жасаған әйел есірткі өткізгені үшін 13 жылға сотталды

СҚО-да қайталап қылмыс жасаған әйел есірткі өткізгені үшін 13 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеді деген күдікпен ақпан айында ұсталды. Интернациональная көшесіндегі оның тұрғылықты мекенжайында және Потанин көшесіндегі өзі есірткі жасырған орыннан тәртіп сақшылары салмағы 230 грамм мефедрон және “α-PvP” синтетикалық есірткілерін тәркіледі.

Қала тұрғыны наркологияда есепте тұр. Ол бұл есірткілерді интернет-дүкеннен алғаннан кейін жеке тұтыну үшін өзіне қалдырғанын айтты. Осыған қарамастан, жедел-тергеу іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары оның аса ірі көлемде синтетикалық есірткілерді өткізуге қатысы бар екендігінің бұлтартпас дәлелдерін тапты.

Алынбаған соттылығы бар екенін ескере отырып, қала тұрғынының іс-әрекетінде қайталап қылмыс жасау белгілері байқалды. Мамыр айының соңында сот оны есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды