СҚО-да қаңырап бос тұрған тубдиспансерді 1 млрд теңгеге сатпақ

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданында 15 жыл бұрын  «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған тубдиспансер 1 млрд теңгеге сатылмақ.

e-qazyna

Астана, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастар санының азаюына байланысты Новоишимка елді мекенінде орналасқан ғимарат 2019 жылдан бері бос тұр.

«Бұл нысан бес жылдан астам уақыттан бері пайдаланылмай келеді. Қазір науқастар қалада ем қабылдап жатыр. Соңғы жылдары туберкулезбен ауыратындар саны тұрақты түрде азайып келеді. 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 49 пайызға төмендеді», – деді басқарманың баспасөз хатшысы.

Новоишимка елді мекеніндегі бұл диспансер 2011 жылы салынған. Содан бір жыл бұрын дәл осындай мекеме Пресновка елді мекенінде де ашылған. Екі нысанның жалпы сыйымдылығы 200 орынға есептелген. Алайда олардың іс жүзінде керегі аз болып шықты, себебі стационардағы медицина қызметкерлерінің саны ем алушылардан артық екені анықталған.

Диспансер жабылғаннан кейін ғимараттың болашағы бұлыңғыр болды. Жергілікті билік оны кәсіпкерлерге ұсынып көргенімен, бизнес өкілдері ол кезде бұл нысанға қызығушылық таныта қойған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін

Тоқаев жаңа Конституцияға қол қойды

Қытай, Түркия, Ресей: Қай елдің азаматтары Қазақстан заңнамасын жиі бұзады?

Қиын жылдар артта қалды. «ҚазТрансОйл» НЕГЕ мәз?