СҚО-да бюджет қаражатын жымқырғаны үшін ауылдық әкімдік бухгалтерлері сотталды

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында ауылдық округтер әкімдіктерінің бухгалтерлері бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып, шартты түрде ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

magnific.com

Астана, NEGE. Облыстық прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, жергілікті бухгалтерлер бюджет қаражатын заңсыз аударып, бухгалтерлік құжаттарға бұрыс мәліметтер енгізген, сондай-ақ берілген өкілеттіктерді теріс пайдаланған.

«Мұндай әрекеттер мемлекеттік бюджетке зиян келтіріп, азаматтардың мемлекет институттарына деген сеніміне нұқсан келтірді. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды, онда сотталушылардың кінәлары толық дәлелденді», – делінген хабарламада.

Сот айыптау үкімдерін шығарды, онда бухгалтерлер кінәлі деп танылып, жазаны өтеудің бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, шартты түрде бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзіміне сотталды.

Бұған қоса сотталғандар тиісінше 4 жыл және 5 жыл бухгалтерлік қызметпен байланысты материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.