Сыртқы істер министрлігі Сабуровқа қатысты пікір білдірді

Әзілкеш Нұрлан Сабуров бүгінгі жағдайға байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне көмек сұрап жүгінбеген.

YouTube/Заmandas

Астана, NEGE. Бұл жөнінде редакцияға Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабуров немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Оны ұстау туралы ақпарат Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан да түскен жоқ», – делінген СІМ хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін, 6 ақпанда ресейлік БАҚ-та танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарады. Бұған әзілкештің Ресейдің арнайы әскери операциясын сынауы, көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны себеп болған. Сондай-ақ желіде оның Алматыға билет сатып алғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр