USD
USD
USD

БАҚ: Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды

Бұған әзілкештің Ресейдің арнайы әскери операциясын сынауы, көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны себеп болған.

Нұрлан Сабуров
Фото: instagram.com/nurlan__saburov

Астана, NEGE. Қазір ол Внуково әуежайында елге кіре алмай отыр, деп жазады Telegram-дағы Mash арнасы.

Нұрлан Сабуровты әуежайдағы тексеру кезінде тоқтатып, Ресей Федерациясына кіруге тыйым салған.

Арна мәліметінше, әзілкеш Дубайдан ұшып келген, бірақ билет алуға ақшасы жоқ болғандықтан кері қайта алмай отырған көрінеді.

Ал Сабуровтың өзі бұл жағдай туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Нұрлан Сабуровтың Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзды деген айыппен ұсталғанын жазған едік. Ол кезде Ресей Федерациясынан кетіп, көші-қон заңнамасына сай талаптарды сақтап, Ресейге қайта кіру үшін екі апта уақыт берілген.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы