Сырдарияда су деңгейі қауіпті деңгейге жақындады

Сырдарияның қызылордалық бөлігінде су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. «Мұздық құбылыстарға байланысты Сырдария өзені - проток Жосалы ГБ-де су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Нақты деңгей 08:00-де 638 см (...) Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», – делінген бейсенбіде таратылған хабарда.

Синоптиктер атап өткендей, қауіпті деңгей: 665 см (судың өзен жайылмасына шығуы). «Шекті деңгей 720 см. (елді-мекенді су басу)», – делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды