Щучинсктегі жарылыс: «Центр плова» дәмханасының иесі ұсталды

Сегіз адам қаза болған дәмханадағы өртке қатысты тергеуді Бас прокуратура ерекше бақылауға алды.

Төтенше жағдайлар департаменті

Астана, NEGE. Ақмола облыстық прокуратурасының хабарлауынша, кәсіпкердің үстінен Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2 наурызда "Центр плова" дәмханасының иесі ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан дәмханада 27 ақпанға қараған түні газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Оқиға салдарынан 28 адам зардап шекті, оның ішінде 5 адам оқиға орнында, тағы үш адам ауруханада көз жұмды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде отқа оранған дәмханадан көлемі әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ баллоны және 2 оттегі баллоны сыртқа шығарылды. Бұл ғимарат ішінде қайталама жарылыстардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді