«Ішімдік ішкен» – Алматыда автобус жүргізушісі жер үйдің қоршауына соғылды

Алматыда автобус жүргізушісі тұрғын үйдің қоршауына кіріп кеткен.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, №32 автобус жүргізуші ішімдік ішкен болуы мүмкін. Алайда автобус жүргізушісі мұны жоққа шығарды. 

Аталған жағдайға қалалық Полиция департаменті түсінік берді.

«Бұл жол-көлік оқиғасы Түрксіб ауданында болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр», - деп хабарлады департменттен.