ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты
9 мамыр күні «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында жұмысшы биіктіктен құлап, қаза тапты.
Астана, NEGE. Kaz Minerals компаниясы ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған.
Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды.
Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Еске салайық, 27 сәуірде «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында тау жынысы опырылып, салдарынан бір қызметкер қаза тапты, тағы бір жұмысшы жарақат алған еді.