USD
USD
USD

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Абай облысында KAZ Minerals компаниясына қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында қайғылы жағдай болды.

ТЖ
Фото: Depositphotos

Астана, NEGE. 2026 жылғы 27 сәуірде шахта ішінде тау жынысы опырылып, салдарынан бір жұмысшы көз жұмды. Тағы бір қызметкер жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Компания мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тексеру басталған.

«KAZ Minerals тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына жол тартты», – делінген компания жариялаған хабарламада.

Компания қаза тапқан қызметкердің жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады. Сондай-ақ жарақат алған жұмысшыға да толық қолдау көрсетілмек.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram