Ішкі істер министрлігі Украинада Садықовқа қастандық жасаған күдіктіге қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрлігі Украинада Айдос Садықовқа қастандық жасаған күдіктінің қазір полицияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз.

Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізудеміз. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі», – делінген ІІМ таратқан хабарламада. 

Айдос Садықовтың жұбайы Наталья Садықова күйеуіне қастандық жасағандардың бірі полиция қызметкері екенін атаған болатын. Н.Садықованың сөзіне қарағанда, Айдос Садықовды «құқық қорғау органдарының арасында тапанша атудан чемпион» М.Қаратаев атқан болуы мүмкін.

Украина прокуратурасы А.Жақанбаев, М.Қаратаев деген күдіктілерге қатысты мәлімдеме жасады. 

Қазір оқып жатыр

Концерттерге жалған билеттер сатылуда – ІІМ

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?