Шымкентте Руслан Берденовке оқ атқан ер адамның бұрын басқарған компаниясы тексеріледі

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сүйенсек, әкімдік маңындағы атыс оқиғасына дейін бірнеше күн бұрын «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиенбайдан көпқабатты үйлерді күрделі жөндеуге бөлінген 3,4 млрд теңгенің қайда жұмсалғаны туралы есеп беруін талап еткен. Болжам бойынша, шабуылға дәл осы жағдай түрткі болған.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Әкімдік компанияны тексеру жөнінде ішкі мемлекеттік аудит департаментіне сұрау жолданғанын хабарлады. Аудит барысында орындалған жұмыстардың сапасы, олардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігі және қаражаттың мақсатты жұмсалуы тексеріледі. ЖШС-ның құрылтайшысы – өзі.

Компанияны мемлекеттік сатып алулардан шеттету мәселесі қарастырылмайды, ол қолданыстағы келісімшарттар бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

Осы уақытта Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Айыпталушы өзінің Берденовты өлтіруді көздемегенін, тек қорқытқысы келгенін айтады. Оның сөзінше, Берденов оны қорлап, қысым көрсеткен және әйелі­нің суреттерін «лайк» басқан. Ал Берденов бұл жанжалдың тек қызметтік сипатта екенін айтып, Жиенбайдың жұмысы адал болмағандықтан, оған наразылық білдіргенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді

Қазақстандықтар Жан Байжанбаев бастаған бірнеше актерді қамауға алуды талап етті