Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды
Шымкентте қызметтік Kia көлігінің салонынан мефедрон табылды. Көлікте басқа азаматтармен бірге аудандық полиция бөлімшелерінің бірінің қызметкері де болғаны анықталды.
Астана, NEGE. Шымкент қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметі есірткі табылған көлікте болған полиция қызметкері ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметі оқиғаның барлық мән-жайына, оның ішінде бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетіне де құқықтық баға берілетінін атап өтті.