Шымкентте марихуана өсірумен айналысқандар ұсталды

Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция Департаментімен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде марихуана түріндегі есірткі заттарын шығаратын фитозертхананың қызметі тоқтатылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Арнайы жабдықталған, жасанды жарықтандырумен қамтылған құрылғыдан 83 көк пластикалық шелекте өсірілген марихуана, пластикалық пакеттерден қаптамадан шығарылған есірткі заттары мен электронды таразылар табылды.

Қазіргі уақытта ұйымдастырушы ұсталып, қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297, 300-баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Аталған баптар бойынша жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті