Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды
Шымкенттік полицейлердің хабарлауынша, тексеру барысында күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет тәркіленген.
Астана, NEGE. Бұған қоса есірткі заттарын бөліп орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер анықталған.
Сондай-ақ қыздың жалдамалы пәтерін тексерген кезде әрқайсысының салмағы бес грамм болатын 32 орама есірткі заты тәркіленген.
«Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.
Қыз қала аумағында синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілініп отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Киевте қазақстандықтарды есірткі бизнесіне тартқан call-орталықтар жабылғанын жазған едік. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдар іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған.