Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды

Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Тексеру кезінде полицейлер олардан «синтетика» салынған 50 орама тауып, тәркіледі. Жоғары оқу орындарының 18 жастағы студенттері қала аумағында жасырын орындарға есірткі қойып, оның координаттарымен мессенджерде бөлісіп отырғаны анықталды.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу жайты бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктілер қамауға алынды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады