Шымкентте есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген шетелдік күдікті ұсталды

Шымкентте есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген шетелдік күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Көрші елдің 50 жастағы азаматына өткен жылдың желтоқсан айында халықаралық іздеу жарияланған. Ол есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуден бой тасалап жүрген.

Ер адамды Шымкент аумағында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.

Қазіргі таңда оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды