Шымкент тұрғыны марихуана шегіп алып көлік тізгіндеген

Масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio автокөлігін патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты.

Полиция

Алматы, NEGE. Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен.

Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады.

Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді