Шығыс Қазақстанда есірткі зертханасы жойылды

Тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысында ірі есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҰҚК

Алматы, NEGE. Қылмыс жасады деген күдікпен екі қазақстандық азамат ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 240 литрден астам психотроптық зат, 2 тонна прекурсор және есірткі өндіруге арналған зертханалық құрал-жабдық тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы («Есірткі заттарды заңсыз өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҰҚК мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу барысындағы өзге ақпарат жарияланбайды.

Қазір оқып жатыр

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?