Шетелдік көлікті қалай тіркеуге болады?

Шетелден әкелінген көлікті Қазақстанда қалай тіркеуге болатыны туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Юрий Козлов жауап берді.

Алматы, NEGE. ІІМ «Қазір шетелдік нөмірмен жүретін көліктерге қатысты шудың шығып жатқаны белгілі. Бәлкім, жалған ақпарат тараған болуы керек. Ешқайда шығудың қажеті жоқ. Көлігіңіз болса, қазір келіңіз де, тіркеңіз. Ол үшін Азаматтарға арналған үкіметке жүгініп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз. Көлікті тіркеу үшін техникалық құжат, көлік құралының паспорты, сатып алғаныңызды растайтын құжат пен баждың төленгенін растайтын түбіртек керек. Жаппай жазалау, айыппұл тұрағына тығу жоспарымызда жоқ», – деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы.

Юрий Козловтың айтуынша, шетелдік нөмірмен жүретін автокөлік иелеріне кеңес беру сипатында шаралар қабылдануда. «Азаматтарға тиісті ақпараттық көмектер көрсетіледі. Ары қарай көлік иесінің өзіне байланысты», –  деді ол. Еске сала кетсек, кеше ІІМ қазақстандықтарды шетелдік есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді