Шерзат Полат қазасы бойынша сотталған екі жігіт ақтауды сұрады

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасы бойынша сотталған Азамат Тоқатубаев пен Дидар Қалиахметов кассациялық соттан ақтауды сұраған.

Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Бұл жөнінде жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.

«Шерзаттың ісі бойынша кассациялық шағымдар келіп түскен екен. Кассациялық шағымды қазір ғана алуға мүмкіндік туды. Ал сот ертеңге тағайындалған. Атап айтқанда, кассациялық шағым Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметовтен түскен. Екеуі де сот үкімдерімен келіспей, ақтауды сұрап отыр», – деп мәлімдеді адвокат Instagram-дағы жеке парақшасында.

Айта кетейік, Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты 2025 жылғы 5 маусымда 9 адамға сот үкімі шықты. Соның ішінде Азамат Тоқтаубаев Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауыр қылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп, 15 жыл бас бостандығынан айырылды, ал Дидар Қалиахмет Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.

 

Қазір оқып жатыр

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды