2 декабря 2025 г. 14:51

Байхановтың әпкесі жауапқа тартылды: әкім не деді?

Фото: Instagram/asaiyn.baikhan

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов әлеуметтік желідегі жазбасында әпкесі Айгүл Байханованың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын растады.

Астана, NEGE. Әлеуметтік желіде белсенділігімен танымал әкім Асаин Байхановқа әпкесі жайлы сауалдар жиі түскен көрінеді. Ол желіде бұл жағдайға байланысты жазба қалдырып, заң алдында бәрі тең екенін айтты.

«Менің үлкен әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азаматтар заң алдында тең. Менің әпкем де, отбасымыздың басқа мүшелері де бұл қағидаттан тыс емес», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Айгүл Байханова 4 қараша күні Екібастұз қаласында мас күйінде көлік басқарды деген күдікпен ұсталып, медициналық сараптама оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын анықтаған. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.