USD
USD
USD

Павлодар облысы әкімінің әпкесі қамауға алынды

Павлодар облысында шенеуніктің жақын туысына қатысты дау туды. Облыс әкімі Асаин Байхановтың әпкесі Айгүл Байханова көлікті мас күйінде жүргізгені үшін сотпен әкімшілік жазаға тартылды.

Облыс әкімі
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. 4 қарашада кешкі уақытта Екібастұздың Петренко көшесінде полиция қызметкерлері Hyundai Tucson көлігін тоқтатқан. Рөлде отырған Айгүл Байханованың үстінен ішімдіктің иісі сезілген. Ол бірден наркодиспансерге жеткізіліп, сараптама жүргізілді. Нәтижесінде жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді.

Сот отырысында Байханова өз кінәсін мойындамады. Айтуынша, көлігі сол уақытта істен шыққан. Тек жылыну үшін көлікке отырған. Бұл ретте оның жеке жүргізушісі көліктің қозғалыста болмағанын растауға тырысты.

Алайда судья бұл уәждерді «шындыққа жанаспайды» деп шешті. Полиция қызметкерлерінің айғақтары толығымен дәлелденді. Хаттамалар, медициналық қорытынды – көлік тізгінінде Байханованың өзі отырғанын көрсетіп, айыпталушының сөздерін жоққа шығарды.

Жеке жүргізушінің сөзі «мүдделер қақтығысына» байланысты сенімсіз деп танылды.

Соттың шешімі бойынша Айгүл Байханова 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

КОНТЕКСТ

Асаин Байханов 2022 жылдан бері Павлодар облысын басқарып келеді. Әкім әлеуметтік желілерде белсенділігімен танымал. Ол желілерде азаматтардың сауалдарына ашық жауап беріп, пікір алмасуда үздік деуге болады.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Ормуз

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

Маңғыстау

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон