Шавкат Рахмонов желтоқсан айында чемпиондық атағы үшін күресуі мүмкін

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) Dar Pro Team командасы Instagram-дағы ресми аккаунтында спортшының чемпиондық жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sport Plus Qazaqstan жазды.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта «Номад» жартылай орта салмақ дәрежесінде (77 килограммға дейін) ұйымның үздік жауынгерлері рейтингінде үшінші орында тұр.

Рахмоновтың үстінде белбеудің бұрынғы иелері Леон Эдвардс пен Камару Усман ғана тұр. UFC-дің қазіргі чемпионы – Белал Мұхаммед, ол бұған дейін октагонды Шавкатпен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Dar Pro Team журналист Марсель Дорфтың ақпаратына сілтеме жасай отырып, қазақстандық спортшы биыл желтоқсан айында чемпиондық атағы үшін күресуі мүмкін деп мәлімдеді.

Алайда команда сонымен бірге Мұхаммед пен Рахмоновтың жаздан бері бір-бірін жекпе-жекке шақырғанын, бірақ екі жақтың менеджерлері әлі келіссөз жүргізбегенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?