Шатқалға қашап жазу жазған мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті

Бұған дейін қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаевтың шатқалға қашап жазу жазған видеосы тараған еді.

Алматы, NEGE. Кейіннен ол бұл қылығы үшін өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұраған болатын. 

Манас Көшербаев осы жағдайдан кейін өз еркімен жұмыстан кету өтінішін жазған. Бұл ақпаратты Ақтөбе мәдениет басқармасы басшысы Алтынай Юнисова растады.