USD
USD
USD

Шатқалға ойып жазу жазған Мәдениет үйінің директоры халықтан кешірім сұрады

Маңғыстаудағы шатқалға атын ойып жазған Мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев халықтан кешірім сұрап, видео жариялады. 

Шатқалға ойып жазу жазған Мәдениет үйінің директоры халықтан кешірім сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Ыбықты Сай шатқалында ер адамның жартасты балтамен ойып, жазба қалдырып жатқаны түсірілген видео тарады. Ер адамның Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев екені анықталды.

«Мен Көшербаев Манас Маратұлы 24 тамызда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Ыбықты сайда болған жағдайға байланысты түсініктеме бергім келеді. Ыбықты сай – Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Аса қатты сөкпеңіздерші! Тарихи жерге қылдай қиянат қылу ойымда да болмады. Барша отандастарымнан, Маңғыстау жұртынан басымды иіп кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер», - деді ол видео жазбасында. 

Қазір оқып жатыр

Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша тергеу аяқталды

Нұрай Серікбай

Алматыдағы «Байсат» базары әкімдік меншігіне өтуі мүмкін

Байсат

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне тағы 30 жыл жаза кесілді

 Юн Сок Ёль

ЕҰУ профессоры Президентке видеоүндеу жолдап, тұрғын үй дауына байланысты көмек сұрады

.