Шарлапаевтың азаматтығына қатысты мәселеге нүкте қойылды

Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кезден бастап оның азаматтығына қатысты сұрақтар қоғамда жиі көтерілген еді.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұған дейін оның Ресей мен Ұлыбритания азаматтығы болғаны белгілі. Өзі қазір Қазақстан азаматы екенін мәлімдегенімен, кейбіреулер бұл ақпаратқа күмән келтіріп жүрді.

Жуырда журналист Дмитрий Шишкин Қанат Шарлапаевтың 2023 жылдың қарашасында Ұлыбритания азаматтығынан ресми түрде шыққанын растайтын құжатты жариялады. Оның айтуынша, Ұлыбритания азаматтығынан шығу процесі Қазақстан Республикасының азаматтығын алу жөніндегі өтінішпен қатар басталған. 

Дмитрий Шишкин/Facebook

Дмитрий Шишкиннің мәліметінше, Шарлапаев Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін қандас мәртебесі арқылы жедел тәртіппен Қазақстан төлқұжатын алған.

Өткен аптада Қанат Шарлапаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы болып тағайындалып, бұл қызметте Райымбек Баталовты алмастырды.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды