Шамалғанда көпір құрылысы басталды

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған стансасында аспалы жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.

Алматы, NEGE. «Амандық Баталов Қарасай ауданының Шамалған стансасындағы теміржол өткеліне облыс бюджетінен қаржы бөліп, жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір саламыз деген еді. Бүгін сол өткелдің құрылысы басталды. Жұмыс келер жылдың мамырында аяқталады. Аспалы көпірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт қарастырылған», – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетейік, көпірдің құрылысына облыстық бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

 

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты