Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

Қазақстандық Integra Construction KZ компаниясы Ауғанстандағы Хаф-Герат теміржолының үшінші учаскесін салуға қатысты. Шахмұрат Мүтәліп аталған компанияның бенефициарлық меншік иесі саналады.

Сауда және интеграция министрлігі

Астана, NEGE. Хаф-Герат теміржолының жаңа учаскесі 29 қыркүйекте пайдалануға берілді. Integra компаниясы 43 шақырым жол, 5 көпір, 7 өткел және жүк станциясын салды.

«Жаңа учаске Иранмен шекаралас өңірдегі жүк тасымалына жол ашады. Біз үшін бұл – мемлекетіміз алған міндеттемелерді орындау және екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қосылған үлес», – делінген компания хабарламасында.

Нақтырақ айтсақ, Integra Construction Розанак станциясынан Рабаттарьянаға дейінгі 43 шақырымдық теміржол учаскесінің құрылысын жүргізді. Бұл учаске ұзындығы 191 шақырым болатын Хаф-Герат теміржолының құрамына кіреді. Бұл бағыт Ауғанстанды Иранның теміржол желісімен байланыстырып, елдің Чах-Бахар портына шығуына мүмкіндік береді. Аталған учаскедегі жұмысты қайта бастау туралы келісімшартқа Integra Construction мен Ауғанстан теміржол басқармасы 2023 жылы қол қойған.

Жоба Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту бағыттарының біріне айналды. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 581,1 млн долларға жетті. Бұл 2025 жылдың толық көрсеткіштен (541,6 млн доллар) жоғары.