Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

Саясаткер Серікболсын Әбділдин өмірден өтті. Бұл жөнінде белгілі журналист Ермұрат Бапи «Facebook» парақшасында жазды.

Алматы, NEGE.  «Қазақстан демократиялық қозғалысының пайғамбары Серікболсын аға (Әбділдин) өмірден өтті деген суық хабар келді... Билікке иілмей өткен қайсар, қайтпас адам еді... Қазақстанның тәуелсіздігін Назарбаевтан бұрын жария етіп, "Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына" қол қойған тарихи тұлға еді...
Қош бол, асыл аға!», – деп жазды Бапи.

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессоры Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген. 1982-1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектеп ректоры, 1986-1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарды. 1995 жылдан бастап өмірінің соңына дейін оппозиция құрамында болған.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ