«Серік Голова» қалай ұсталды?

Бүгін Nege.kz порталы «заңдағы ұры» Серік Жаманаевтың ұсталғаны туралы ақпарат жариялаған. ҰҚК-нің ресми сайты Жаманаевтың қалай және не үшін ұсталғанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. ҰҚК-нің баспасөз қызметі былай деп хабарлады: «1 ақпан күні ҰҚК ІІМ-мен бірлесе отырып, «заңдағы ұры» Серік Жаманаев («Серік Голова») басқаратын қылмыстық топтың жолын кесті.

Жаманаевпен бірге қылмыстық ортаның алты өкілі Алматы қалалық ПД тергеу изоляторына қамалды. Оларға «күш қолдану арқылы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады» деген айып тағылды.

Күдіктілердің тұрғылықты жеріне тінту жүргізгенде автоматты және жартылай автоматты қарулар, ірі көлемде қаржы, бөтен мүлік табылды.

ҰҚК мен ІІМ-нің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр».

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды