«Сергектің» он бес күндегі «табысы» қанша?

Алматыдағы «Сергек» камералары он бес күнде 53 миллион теңге көлеміндегі жол ережесін бұзу фактісін анықтады.

Алматы, NEGE. Қазірдің өзінде шамамен 53 миллион теңгеге 3200-ден астам заңбұзушылық анықталды. Күніне орта есеппен 200-ге жуық жол жүру ережесін бұзғандар тіркеледі», – дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, қалада 400 «Сергек» камерасы бар. Оның 300-і жоғары жылдамдықты, қалған 100-і сызықтық режімде жұмыс істейді. «Яғни, бұзушылықтардың басым бөлігі жоғары жылдамдық режімінде тіркеледі», – деп қосты ол. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласында 400 жаңа камера іске қосылған еді. 

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды