Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын қызметінен босатты

Сенат Жоғарғы Соттың екі судьясын қызметінен босатты.

gov.kz

Алматы, NEGE. Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.

«Сенаттың қарауына Досжан Сарманқұлұлы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Судья зейнеткерлік жасқа толды. Ол судьялар қоғамдастығында жоғары беделге ие», — деді Дмитрий Малахов.

Сонымен қатар Жоғарғы сот судьясы қызметінен Герман Каримұлы Нұрбаев босатылды. Ол жақында ТМД Экономикалық сотының төрағасы лауазымана сайланған еді.

Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.

Қазір оқып жатыр

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды