Семейде қылмыс әлемінің серкесі «Леха Маймыштың» зиратына кім ескерткіш орнатты?

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Семейде қылмыстық ортада «Леха Маймыш», «Леха Семейский», «Титаник».. деген лақап аттармен танымал Айтқали Мұқашұлының зиратына ескерткіш қойылды. Қымбат ескерткішті кімдер орнатқаны әзірге белгісіз.

instagram.com/kerekemes_kz

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, Айтқали Маймушевтің денесі 2024 жылы 9 қазанда өзі жазасын өтеп жатқан қатаң режимдегі түзеу колониясында асылып тұрған күйінде табылған. 14 қазанда марқұмның денесі жер қойнына тапсырылды. Ол Знаменка трассасындағы мұсылман зиратына жерленген. 

«Леха Маймыш» 2023 жылдың желтоқсанынан бері түрмеде отырды. 2023 жылы 10 шілдеде Мәскеу қалалық соты оны есірткіні заңсыз сақтағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырған болатын. Кейбір деректерде оның өлімінің себебі түрмеде отырғандарды Ресей мен Украина арасындағы соғысқа бармауға үндеуінен болғаны айтылады.

2022 жылдың қаңтарында «Леха Маймыш» Мәскеудегі барлардың бірінде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан метадон табылған.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты