7 февраля 2020 г. 18:45

Сапалы контент ақша табуға әкеледі

Фото:

 Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан қазақ тілінде онлайн контент жасаушылары ІV форумының "Digitial дәуіріндегі біздің медиа" тақырыбы қызу пікірталасқа айналды. 

  Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл тұрғыда "Internews Kazakhstan" аймақтық медиа кеңесшіcі Асхат Еркімбай: «Internews Kazakhstan» «Орталық Азия елінде – Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанда адамдар ақпаратты қалай тұтынады? Ақпарат көзін қайдан алады?» деген сұраққа жауап іздеді.

Сауалнама қорытындысы бойынша, тұтастай алған кезде үш елде де ақпарат алу көзі ретінде алдыңғы орында теледидар тұр. Екінші орында – интернет. Қазақстанда сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам жаңалықты интернеттен қарайтынын айтқан. Үшінші орында әлеуметтік желі, туған-туыс, дос-жаран тұр. Радио Тәжікстанда ғана оқ бойы алда тұр», – деді аймақтық медиа-кеңесші Асхат Еркімбай.

Сондай-ақ, ол «Орталық Азия халқы интернеттегі уақытын қалай өткізетінін айтты. Орталық Азиядағы тұрғындар интернетті ең алдымен, көңіл көтеру, жаңалық оқу, одан кейін фильм қарау мақсатында қолданады. Азияның өзге елдерімен салыстырғанда Қазақстанда интернет арқылы төлем жасау, банк қызметін пайдалану, электронды тауар сатып алу жүйесі жолға қойылған. Яғни, біздің аудитория электронды дүниені сатуға, сатып алуға дайын және оған машықтанған. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылар онлайн-контент сатып алуға 2-3 мың теңгесін қиятыны туралы жауап берген. Сонымен қатар, әлеуметтік-демографиялық сауалнама қорытындысы бойынша, қазақ тілінде контентті тұтынатын адамдар саны артып бара жатқаны байқалады», – деді ол.

"Біз жасаған зерттеу қазақ тіліндегі онлайн медианың дамуына мүмкіндік туғызады. Себебі, аудитория ақша төлеуге дайын. "Бәрібір" сайты мемлекеттік тапсырыстан бөлек, негізгі контентті жарнама үлесі арқылы тапты. Қазақ тіліндегі аудиториясы сапалы контент болса, онда әрі қарай мемлекеттік тапсырыс үлесін азайтып, жарнаманың үлесін арттыруға болады. 
Бір медиа қауымдастық өкілі бізде үш қиындықтың барын айтты. Бірінші, заңнамалық себеп. Қазақстанның медиа заңы еркін жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді екен. Екінші, кадр біліктілігі. Себебі, сауалнамаға жауап берген респонденттің 70 пайызы журналист білімі жоқ. Үшіншісі, мемлекеттік тапсырыс деген еді", – дейді Асхат Еркімбай. 

Тегтер: