Бас дәрігер науқасты сотқа берді

Коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен Боткин атындағы ауруханаға жатқызылған Алла Ильина есімді әйел тоқ сымдарын тұйықтау арқылы есіктердің магнитті құлыптарын ашып, қашып кеткен еді.

Алматы, NEGE. Санкт-Петербург қаласының бас санитар-дәрігері Наталья Башкетова аурухананың оқшаулағыш аумағынан қашып кеткен Алла Ильинаны күшпен ауруханаға қайтаруды талап етуде. Ильинаның өзі бірнеше күн бұрын өзінің инстаграм парақшасында ауруханадан қалай қашып шыққаны туралы егжей-тегжей әңгімелеген.

Ауруханаға әйел өзі келіпті. Хайнаньдағы демалыстан кейін оның тамағы ауырған. Дәрігерлер қажетті сынамалар алу үшін бір күнге қалуын өтінген. Ақырында ағзасында коронавирус белгілері табылмағанына қарамастан, екі апта бойы ауруханада жатуға мәжбүр болған.

Осыған ұқсас оқиға туралы Самара қаласының тұрғыны Гузель Недер де айтқан. Ол 14 күндік карантинді күтпестен баласымен бірге ауруханадан қашып кетіпті. Әйел дәрігерлердің тиісті қорғаныш, қауіпсіздік талаптарын сақтамағанына қарап, мұнда ауру жұқтырып алам ба деген қауіппен баласын алып терезеден қашып шығыпты.

 

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды