«Самұрық-Қазына» басшысы үш жылда 800 млн теңгеден астам табыс тапқан

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022–2024 жылдар аралығындағы табысы туралы декларация мәліметін жариялады.

sk.kz

Астана, NEGE. Ақпаратқа сүйенсек, қор басшысы үш жыл ішінде  805 984 963 теңге табыс тапқан.

Соның ішінде:

  • 2022 жылы – 422 182 000 теңге;

  • 2023 жылы – 186 543 551 теңге;

  • 2024 жылы – 197 259 412 теңге.

Қордың даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан 2024 жылы 8 273 745 теңге декларациялаған.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар министрліктер лауазымды тұлғалардың декларацияланған табысы туралы мәлімет жариялады. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы Сәния Садықова 2024 жылы 88 млн теңгеден астам табыс тапқаны мәлім болды.

Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев декларацияда 14 млн теңге табыс тапқанын көрсеткен. Ал оның жұбайы Гүлнар Досаева 2,3 млрд теңге кіріс алғанын мәлімдеген. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?