USD
USD
USD

Ерболат Досаев 14 млн теңге, ал жұбайы 2,3 млрд теңге декларациялады

Ақорда 2024 жылға арналған Президент әкімшілігінің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметті жариялады. 

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев декларацияда 14 млн теңге табыс көрсеткен. Ал оның жұбайы Гүлнар Досаева 2,3 млрд теңге кіріс алғанын мәлімдеген. «Астана» халықаралық қаржы орталығының дерегінше, Гүлнар Досаева былтырдан бері «Жалтырбұлақ» алтын өндіру компаниясының тең құрылтайшысы болып табылады.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов 2024 жылға қосымша табыс таппаған екен. Ал оның жұбайы 24,9 млн теңге декларациялаған.

Президент көмекшісі Қуанышбек Есекеев те қосымша табысын нөл деп көрсеткен. Оның жұбайының декларациясында 48 млн теңге кіріс тіркелген.

Президент кеңесшісі Алексей Цой да қосымша табыс көрсетпеген. Ал оның жұбайы 1 млн теңге табыс алғанын жариялады.

Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Батыржан Байжұманов та қосымша кіріс таппағанын көрсетсе, жұбайы 2,6 млн теңге табыс декларациялаған.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur