Самат Әбіш қызметінен босатылды
ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
- Тақырыпқа орай: Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП басшысы қызметінен кетті
Самат Әбіштің қызметінен кеткені бұған дейін де айтылған. Алайда ҰҚК-нің баспасөз қызметі оның өз қызметінде екенін, еңбек демалысына шыққанын хабарлады. Қоғамда түрлі қауесет тарай бастағандықтан хабарлама іле-шала түзетіліп, Самат Әбіштің 14 қаңтардан бастап еңбек демалысына шыққаны айтылды.
Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, туған бауыры Сатыбалдының ұлы.