USD
USD
USD

Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП басшысы қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы төрағасы қызметінен кетті.

Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП басшысы қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Қазақстанда танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеді. Оның үндеуі палатаның сайтында жарияланды.

«Бүгіннен бастап мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды», – деді Құлыбаев үндеуінде. Ол «Атамекен» ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін айрықша ризашылығын білдірді.

Тимур Құлыбаев – қазақстандық бизнесмен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның күйеуі. Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеп отыр.

Айта кетері, Құлыбаев Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетін де басқарады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті