Сағынтаев ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына барды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев туыстары қайтыс болған отбасыға көңіл айтты, деп хабарлады әкімдік өкілі

. 

Алматы, NEGE. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына барды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов жазды.

«Ұшақ апатынан қаза болған алматылықтар – Қайырхан Тұматов, Марат Мұратбаев, Николай Асташов, Валерий Ануфриевтің үйлерінде жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатыр», – деп жазды Instagram парағында Әсет Мұқажанов.