Сағынтаев есептік кездесу өткізеді
Бұған дейін Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы аудан әкімдерінің есебін тыңдап, тұрғындардың мәселесімен жақынырақ танысқан еді.
Алматы, NEGE. Енді Сағынтаев аудан әкімдердің есебінен түйгенін және өзінің осы уақыт аралығында істеген жұмысын қорытындыламақшы. Бұрынғы әкімдер қала тұрғындарымен есептік кездесуді Республика сарайында өткізсе, Сағынтаев Halyk arena көпсалалы кешенінде жүздеспекші. Есептік кездесу 19 ақпанда өтеді.