Сағынтаев Байбек туралы: «Өгізге туған күн бұзауға да туады»

Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндаған Бақытжан Сағынтаев өзіне дейін әкім болған Бауыржан Байбектің жұмысына қатысты пікірін айтты.

Алматы, NEGE. Журналистер Сағынтаевтан: «Оның (Байбектің – ред.) қандай қателігін түзетесіз? Сізге 39 миллион тұратын тиін мұраға қалды. Тиінді алып тастайды деген ақпарат рас па?» деп сұрады.

Сағынтаевтың жауабы мынадай болды: «Қазақта нақыл сөз бар: «Өгізге туған күн бұзауға да туады». Сондықтан мен Бауыржан Байбек мырзаның жұмысына баға бергім келмейді. Әркім өзінің атқарған шаруасына жауап беруі керек. Оның орнына келген адам да жүктелген міндеттемені жалғастыруы тиіс».

 

 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды