Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында алтын алды

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ешкімге дес бермеді.

Финалда Тоғамбай тәжікстандық Парвиз Каримовты айқын басымдықпен жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Қазақстандық спортшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 келіге дейін) чемпион атанған еді. Ал Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (71 келіге дейін) және Диас Молжігітов (75 келіге дейін) күміс медаль иегерлері атанды.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты