Сағындық Тоғамбай бокстан Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шықты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жерлесіміз 90 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында америкалық Малакай Джорджеспен қолғап түйістірді.

Тартысқа толы жекпе-жектің бірінші бөлімінде АҚШ өкілі басым түсті. Алайда, қалған екі раундта Сағындық Тоғамбай қарсыласынан айласын асырып, жеңіске жетті.

Осылайша, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) кем дегенде Әлем кубогының қола медалін қоржынға салды.

Қазір оқып жатыр

АҚШ Ормуз бұғазында жаңа соққылар жасады

Әскерде басынан ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар жансақтау бөліміне түсті

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Қазақстанда бет-жүзін тұмшалағаны үшін мыңнан астам адам жауапқа тартылды